Білім беру ұйымдарында талқыланған мәселелер
Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаментінің ТҚО бөлімі мен Дін істер басқармасының қызметкерлері бірігіп білім беру ұйымдарындағы мектеп директорларына, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп психологтарына семинар өткізді.
Іс-шара барысында екі мәселе «Білім беру ұйымдарында экстремизм мен терроризмнің алдын алу» және «Мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау бойынша ата-аналар мен оқушылар арасында ақпараттық түсіндірудің әдістемесі» қаралды.
Қатысушыларға жасөспірімдерді экстремистік әрекеттерге тартудың алдын алу мәселелері жөніндегі «Жастар» жобасы түсіндірілді.
Сондай-ақ діни білім беру ұйымдарында оқитын жастар арасында радикалды діни идеологияға иммунитетті қалыптастыру мен міндетті мектеп форманың үлгісі және түстеріне қатысты мәселелер талқыланды.
Материал Алматы қаласы бойынша Терроризмге қарсы
комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -