Көкшетауда Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды
Көкшетау қаласы әкімдігінің ғимаратында қала әкімінің орынбасары Айгүл Нүгертаеваның төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіруге және оны іске асыру аясында мемлекеттік органдардың алдына қойылған міндеттерге арналған кеңес өтті.
Жиынға Ақмола облысы экономика басқармасының басшысы Алмагүл Шұғырмақова қатысып, Мемлекет басшысы айқындаған әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары мен басым міндеттеріне қатысты түсініктеме берді.
Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларын іске асыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша қойылған міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жауапты құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту қажеттігі атап өтілді.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -








