Түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Сарыағаш ауданның ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты №32039 әскери бөлімінде діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын-алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиынға Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелер зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Қ.Салықбаев қатысты.
Кездесу барысында мемлекетіміздің зайырлылық қағидаттары және экстремизмнің туындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға діни қызмет саласында қабылданған заң нормалары түсіндіріліп, соңғы уақытта әлеуметтік желілер арқылы белсенді таратылып жатқан діни ақпарат мәселелері қозғалды.
Сарапшылар әскери қызметшілерді өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындауға және діни экстремизм идеяларының армия ортасына енуіне жол бермеу үшін қырағылықты ұмытпауға шақырды.
Материал Түркістан облысы бойынша Терроризмге қарсы комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -