Мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Шымкент қаласы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог мамандары қала жалпы орта білім беретін М.Маметова атындағы № 111, Қ.Қасымұлы атындағы №82, А.С.Макаренко атындағы №41және Н.Ондасынов атындағы №38 мектептер де «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің басты себебі» тақырыбында кездесулер өт і .
Іс-шараның басты
мақсаты
өскелен ұрпаққа дұрыс діни танымдық ақпараттарды ұсына отырып, теріс діни ағымдардан сақтанудың маңыздылығын түсіндіру және зайырлылық құндылықтарын насихаттау арқылы кереғар діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру.Кездесуде оқушыларға дінге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда тек қана ресми дерек көздер мен дін мамандарына жүгіну қажеттігі айтылды.
«Деструктивті діни ағымдардан сақ бол» тақырыбында арнайы дайындалған видеоролик көрсетілді.
Балалар өздерінің көкейінде жүрген түрлі сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тиісті жауаптарын алды.
Материал Шымкент қаласының Терроризмге қарсы
комиссия аппаратының ақпараты бойынша дайындалды
______________________________________________________
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -