Әскери қызметкерлерімен жүздесу
Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің және Атырау облысы Әуе күштері әскери бөлімінің жеке құрамы арасында «Жат ағымның алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының теологы Нұрбек Жақсылықов қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиында мамандар ұлттық құндылықтар – рухани айнамыз екенін ерекше атап өтті. Дін аясында қойылған сауалдармен өрбіген кездесуге салт-дәстүріміздің жаңғыруы, ұлттық білімді, салауатты болып қалыптасуына әрбір азамат үлес қосуы тиіс екенін де тілге тиек етті.
Сонымен қатар, сарапшылар отбасылық және азаматтық құндылықтар жайында сөз қозғады. Оған қоса, діни жат ағым зиянын, дінді бұрмалап қарсы іс-әрекет көрсетудің зардаптарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Құқық бұзушылықтар кезінде қолданылатын шараларды, заңнамаларды да баяндап өтті.
Соңында әскери қызметкерлер ойларын ортаға салып, өз сұрақтарына жауап алды.
Материал Атырау облысы бойынша ҰҚК департаментінің
ақпараты негізінде дайындалды
______________________________________________
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -