Жастар экстремизм мен терроризмге қарсы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Дін істері басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығы» КММ-нің қызметкерлері Петропавл қаласындағы Ұлттық Ұлан Әскери Академиясының курсанттарымен және Қожаберген жырау, Әль-Фараби атындағы мектептің 9-10-11 сынып оқушыларымен профилактикалық іс-шара өткізді.
Кездесу барысында тыңдаушыларға «ҚР Дін саласындағы заңнамасының негізгі қағидаттары және жастарды экстремистік және террористік қызметке тарту технологиялары» тақырыбында лекция оқылды.
Аталмыш жиындардың басты мақсаты – әскери жоғарғы оқу орнындағы курсанттар мен мектеп оқушылары арасында діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризмге жол бермеу арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Соңында тыңдаушылар өз кезегінде дін мәселелері бойынша сарапшыларға сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.
Айта кету керек, мұндай іс-шаралар жастар арасында экстремистік және террористік бағыттағы қызметтің алдын алу және жолын кесу мақсатында үнемі өткізіліп тұрады. Жас ұрпақты оқытудың қауіпсіз жағдайларын жасау білім ордалары басшылығының алдында тұрған басым міндеттердің бірі болып табылады.
Материал Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК
департаментінің ақпараты негізінде дайындалды
_____________________________________________________
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -